OzatAi.kz

Дербес деректерді өңдеу саясаты

Редакция: 25.09.2026 Оператор: ЖК Ермекбаева Алтын Мұхтарқызы
Бұл саясат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған. Мәтіндер арасында алшақтық болса, қазақ тіліндегі нұсқа басым болады.

1. Кім деректерді өңдейді

Дербес деректерді жинау және өңдеу операторы — Жеке кәсіпкер ЕРМЕКБАЕВА АЛТЫН МҰХТАРҚЫЗЫ, ЖСН 961101401675, мекенжайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағын ауданы, Естай Ақын көшесі, 59-үй (бұдан әрі — «Біз», «OzatAi»), ozatai.kz сайтының және оның кабинетінің иесі.

Саясат Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес жасалған.

2. Қандай деректер жиналады

ДерекҚайдан алынадыМіндетті ме
Телефон нөміріКіру кезінде өзіңіз енгізесіз немесе Telegram арқылы бересізИә — ол аккаунттың бірегей белгісі
Аты-жөніТіркелу немесе профильИә — құжаттарда көрсетіледі
Пән, сынып, мектеп, қала, өтіл, өзіңіз туралыПрофильЖоқ
Telegram есептік жазбасының идентификаторыTelegram арқылы кіргендеТек сол әдісті таңдасаңыз
Жасалған материалдар: тақырып, сұраныс мәтіні, нәтиже; анықтамалық материалдардағы қате туралы хабарламаларыңызҚызметті пайдалану кезіндеИә — онсыз материал жасалмайды
Тариф, Бірлік балансы, төлем тарихыЖазылымИә — ақылы тариф үшін
Оқушы белгісі, сыныбы, ескертпе«Оқушылар» бөлімінде өзіңіз енгізесізЖоқ — 5-бөлімді қараңыз
«Кейіпкер» чаты: оқушылардың кейіпкерге қойған сұрақтары, жауаптар, аты-жөннің орнына шартты белгі, уақытыОқушылар сабақта педагог көрсеткен QR-код арқылы жазады; аккаунт ашылмайдыЖоқ — тек педагог чатты ашса; 5-бөлімді қараңыз
IP-мекенжай, браузер туралы техникалық мәлімет, кіру уақытыАвтоматты түрдеИә — қауіпсіздік үшін

3. Не үшін өңделеді

Біз сіздің деректеріңізді сатпаймыз және оларды жарнама мақсатында үшінші тарапқа бермейміз.

4. Өңдеудің негізі

Негізгі негіз — сіздің келісіміңіз: аккаунт құру кезінде «Дербес деректерді өңдеуге келісім» құжатын қабылдайсыз. Сонымен қатар деректер жария оферта бойынша шартты орындау үшін және заң талап еткен жағдайларда өңделеді.

«Кейіпкер» чатындағы оқушы хабарламаларын біз оқушыны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметсіз аламыз (5-бөлімді қараңыз). Егер хабарламаға бәрібір оқушы туралы мәлімет түсіп кетсе, ол тек сабақты өткізу үшін өңделеді және 8-бөлімдегі мерзімде жойылады; ата-ана оны ертерек жоюды талап ете алады.

5. Оқушылар туралы деректер

«Оқушылар» бөлімі

«Оқушылар» бөлімі сыныппен жұмысты жеңілдету үшін жасалған (тапсырмаларды бөлу, кездейсоқ таңдау, тексеру). Онда оқушының аты-жөнін жазудың қажеті жоқ және біз оны сұрамаймыз — журналдағы нөмір, сынып немесе шартты белгі жеткілікті («8А №12»).

Оқушының аты-жөнін, телефонын немесе өзге де жеке мәліметін енгізсеңіз, ол кәмелетке толмаған адамның дербес дерегі болып саналады, ал оны өңдеуге ата-анасының (заңды өкілінің) келісімі қажет. Мұндай келісімді алу — сол деректерді енгізген педагогтің жауапкершілігінде. Біз мұндай мәліметті енгізбеуді ұсынамыз.

«Кейіпкер» чаты

Педагог сабақта чатты ашып, сыныпқа QR-код көрсетеді. Оқушылар шығарма кейіпкеріне телефонынан сұрақ қояды — тіркелусіз әрі аты-жөнін жазбай: қызмет әр оқушыға шартты белгіні өзі береді (мысалы, «Қыран-7»).

Чатты Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы және балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүргіземіз: оқушы туралы дербес дерек жиналмайды, ал жауаптар зиянды ақпарат санаттары бойынша сүзгіден өтеді.

6. Деректер кімге беріледі

Қызметтің жұмыс істеуі үшін деректердің бір бөлігі мына жеткізушілерге беріледі:

КімНе беріледіНе үшін
Anthropic, OpenAI (АҚШ)Сіз енгізген тақырып пен сұраныс мәтініМатериал мен суреттерді жасау
Anthropic (АҚШ)«Кейіпкер» чатындағы оқушының сұрағы мен шығарманың анықтамалық материалы — шартты белгісіз әрі оқушы туралы өзге мәліметсізКейіпкердің жауабын құрастыру
HeyGen, ElevenLabs, fal.aiБейне/дыбыс үшін берілген мәтін мен файлдарТәлімгер мен бейне жасау
SMSC.kz, Mobizon.kzТелефон нөмірі мен бір реттік кодSMS жіберу
WhatsApp / TelegramТелефон нөмірі немесе Telegram идентификаторыКіру коды, бот арқылы кіру
Хостинг және сақтау жеткізушісіБарлық деректер — техникалық сақтау шеңберіндеСерверлер мен резервтік көшірмелер
Әдіскер (шарт бойынша, құпиялылық міндеттемесімен)Анықтамалық материалдардағы қате туралы хабарламаның мәтіні — телефон нөміріңіз бен аты-жөніңізсізШығарма карталарын түзету

Сондай-ақ деректер заңды сұрау салу негізінде мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

7. Трансшекаралық беру

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген AI-жеткізушілердің серверлері Қазақстаннан тыс жерде орналасқан. Демек, сіз жасаған сұраныс мәтіні шетелге беріледі. Бұған келісім аккаунт құру кезінде беріледі.

Сол себепті сұраныс мәтініне оқушылардың аты-жөнін немесе өзге де жеке мәліметін жазбауды өтінеміз — олай жасасаңыз, бала туралы дерек шетелдік жеткізушіге кетеді.

«Кейіпкер» чатындағы оқушылардың сұрақтары Anthropic-ке (АҚШ) иесіздендірілген түрде беріледі: шартты белгісіз, IP-мекенжайсыз және оқушы туралы өзге мәліметсіз.

8. Қайда және қанша сақталады

Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректері бар дерекқор Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверде сақталады.

НеҚанша сақталады
Аккаунт деректері (нөмір, аты-жөні, профиль) Аккаунт бар болғанша. Жойылған соң — 30 күн ішінде (қате жойылудан қайтару үшін), сосын біржола өшіріледі
Жойылған аккаунттың телефон нөмірі (аты-жөнсіз: нөмір мен сынақ берілген күн ғана) Аккаунт жойылғаннан кейін телефон нөмірі сынақ кезеңін қайта алуды болдырмау үшін 1 жылға дейін сақталады, содан соң толық жойылады.
Жасалған материалдар мен сұраныстар Аккаунт бар болғанша. Пайдаланушы 24 ай бойы кірмесе, Орындаушы материалдарды өшіруге құқылы — бұл туралы 30 күн бұрын хабарлайды
«Кейіпкер» чаты: оқушылардың сұрақтары мен жауаптар Сабақтан кейін 30 күн, сосын автоматты түрде жойылады. Педагог ертерек жоя алады
Төлем туралы жазбалар Салық заңнамасы талап ететін мерзімде
Резервтік көшірмелер 14 күн (соңғы 14 күндік көшірме сақталады, ескілері автоматты түрде өшіріледі)
Соңғы кіру белгісі (уақыты мен IP) Аккаунтпен бірге. Кіру тарихы жүргізілмейді: әр кіру алдыңғысының үстіне жазылады

Деректі өшіргенде ол жұмыс дерекқорынан бірден жойылады, ал резервтік көшірмелерден жоғарыдағы мерзім өткен соң кетеді.

9. Қорғау шаралары

10. Сіздің құқықтарыңыз

Сіз кез келген уақытта:

Келісімді кері қайтарып алу қызметті пайдалануды тоқтатады: онсыз аккаунтты жүргізу мүмкін емес. Өтінішті ozatai2026@gmail.com арқылы жіберіңіз.

Жауап беру мерзімі: аккаунтқа кіре алмау немесе ақшаның қате есептен шығуы — 1 (бір) жұмыс күні ішінде; деректі түзету, бұғаттау немесе жою талабы және өзге сұрақтар — 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Егер заңнама қысқарақ мерзім белгілесе, сол мерзім қолданылады.

11. Cookie және техникалық деректер

Сайт браузердің жадын (localStorage) таңдаған тіл, тақырып (қараңғы режим) және кіру сеансын сақтау үшін қолданады. Бұларсыз кабинет жұмыс істемейді. Жарнамалық немесе бөгде бақылау сценарийлері қолданылмайды.

12. Өзгерістер және байланыс

Саясат өзгерсе, жаңа редакция осы бетте жарияланады, ал редакция күні жоғарыда көрсетіледі. Елеулі өзгеріс болса, кабинетке кіргенде хабарлаймыз.

Сұрақтар: ozatai2026@gmail.com.